Біздің БІРлігіміз ҚАЗАҚТЫҢ ІРІлігі!

Çağlar Erbek
0

Yerjan Tolek
SANA Kulübü Kurucusu

          «САНА» интеллектуалдық клубы жаңа жұмыс маусымын бастады. Үш ай бойығы демалыстан кейін оқуларына келген жастар құрбан айттың соңғы күндері Ыстамбул қаласының Гүнешлі ауданында алғашқы отырысын сол жерде орналасқан «Қожа Ахмет Йассауи» атындағы білім қорымен бірігіп өткізді. Аталған қордың президенті Иса Қалқа мырза мен сол жерде қызмет етіп жатқан бауырларымызға алғысымыз шексіз. Иса ағамыз «саналықтардың» бірігіп, іс-шара өткізуге деген ұсынысына бірден қолдау көрсетті. 
          Жиынға жүзден астам адам қатысты. Гүнешліде тұрып жатқан ата-әжелеріміз бен сол жердің жастары, Қытайдан, Моңғолиядан сонымен қатар, Қазақстаннан келіп білім алып жатқан қаракөздеріміздің бір арнаға тоғысып, бір-білерін көріп арқа-жарқа болуы әр көңілге қуаныш сыйлады. Біраз түрік және татар бауырларымыздың да шараға келуі кештің маңызын арттыра түскендей болды. Мақсат-жастарды бірлікке жұмылдыру, жақын таныстыру, және білім алу үшін биыл келгендерге Түркияның білім беру жүйесі туралы толығырақ ақпарат беру болатын. Бұдан тыс осындағы жол көрсетер, ақыл берер ақылман ағаларымыз бен қазақ мүддесі үшін жұмыс істеп жатқан қоғамдық ұйым басшыларымен етене біліс болу да ойластырылған еді. Аталған шараға консулдарымыз Әлімжан Сұранқұлов, Думан Қызыр мен Қуат Канафиевтер келіп қатысып, бір-бір ауыз лебіздерін білдірді. Түркияда жоғары қызмет етіп жүрген аға-апайларымыз бен, ғылым саласында жүрген үлкендер жастарға кеңестерін берді. Измир қаласынан арнайылап келген «Қазақ мәдени қауымдастығының» негізін қалаушы әрі басшысы Чағлар Ербек мырза өзі жетекшілік етіп отырған қауымдастық туралы егжей-тегжей таныстырды. Арасында Мұрат, Динара мен Селахаддин сынды күйшілеріміз көпшілік көңілін баурады. Мақсат Өтенов, Нұрлан Мүмінов, Айнұр Ержебаеве, Арна Қожаназар, Дәулет Ізбасаров пен Ғалия Серікқызы сынды Түркиядағы қазақ студенттеріне үлгі болып жүрген озаттар мен белсенділер консулдық тарапынан марапатталды. Биыл Түркияда оқып жүргендердің екеуі шаңырақ көтерді. Шыңғыс пен Арна, Мақсат пен Нұргүл отау болып жеке шықты. Оларға достары яғни «саналық» жастар өздерінің шағын сыйлықтарын тарту етті. Сыйлықты «үлкендердің жолын берсін» деген ырыммен ауыл-аймаққа сыйлы Райхан әжеміздің қолынан бергізгенді жөн санадық. О кісі Одунжу Хакан сынды ҚАЗАҚ үшін жанын пида еткен ағамыздың анасы. Естеріңізде, болса Англияда қызмет етіп жүрген Одунжу Хакан марқұм ештемеге қарамастан Қазақстанның шақыртуын қабыл алып, «Назарбаев университетіне» келіп дәріс оқып жүріп, осы жазда аяқ астынан дүние салған болатын. 

          Шараның ресми бөлімі аяқталысымен қонақтар «Қожа Ахмет Йассауи қоры» жайған дастарханнан дәм татты. Астан кейін Ыстамбулдағы сандаған университеттерде білім алып жатқан студенттер жақын танысып, ашық әңгіме өрбітті. Мимар Синан университетінің докторанты Айнұр Ержебаева бұл елдің білім жүйесі жайлы айтып берді. Кеш соңында жастар қимай тарқасты. Алдағы уақытта қандай өзекті мәселелерді талқыға салу жағын да әр жас ойлана жүретін болды. Ал бір топ «саналық» жастар түрік шайханасында көз байланғанға дейін Измирден келген қонақтармен қызықты сұхбат құрды. Клуб жұмысын жандандыруға қатысты Чалар Ербек
мырзадан біраз пайдалы кеңестер алды. Биыл «Сананың» отырысы үш айда бір мәрте өтетін болды.

Yorum Gönder

0 Yorumlar
Yorum Gönder (0)
To Top