Түркиядағы қазақ диаспорасының балалары Қазақстанда болды

Çağlar Erbek
0

11-23 тамыз аралығында Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен биыл екінші рет қазақ диаспорасы өкілдерінің 18 баласы үшін «Балдәурен» оқу-сауықтыру санаторийінде жазғы демалыс ұйымдастырылды.
Түркиядан келген қонақтар үшін сауықтыру, спорт және мәдени іс-шаралар, қазақ тілі мен Қазақстан тарихы бойынша «Тарихқа тағылым, өткенге тағзым» атты ашық дәрістерге қатысуы жөнінде үлкен бағдарлама жасалды. Аталған дәрістер барысында олар ата жұртының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен, тарихымен, қазіргі Қазақстанның жетістіктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Балалар республикалық «Әлемді мейірімділікпен ашайық!» атты оқушылар фестиваліне қатысып, Қазақстанның жер жәннаты - «Бурабай» ұлттық табиғат паркіне саяхат жасады.
Бұдан басқа, балалар «Балдәурен» 12 қанатты киіз үйімен танысты. Олар «Жастар» педагогикалық отрядымен танысу кешіне, «Қиял Арбаты» шығармашылық байқауына, сондай-ақ «Олимпия» спорттық ойындары барысында өткен шахмат ойыны жарыстарына қатысты. Жарыстар қорытындысы бойынша Огузхан Жаухар 1-орынды иеленді. Ал «Балдәурен аруы және Сұлтаны» байқауында Билгян Орхан Ғазы жүлделі 1-орынға ие болды.
Сонымен бірге балалардың қазақстандық белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, атап айтқанда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулинмен және т.б депутаттармен кездесулері өтті. Кездесуді «Қазақстан» ұлттық телеарнасы түсіріп, эфирден берілді.
Балалар Астана қаласын аралап, оның көрікті жерлерімен де танысты.
Бұл сапардың балалардың атажұртпен жақынырақ танысудағы маңызы зор болды.
Аталған шара қазақстан-түрік дипломатиялық қатынастарының 20-жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды және қазақ диаспорасының еліміз басшылығының атына білдірілген зор ризашылықпен қарсы алынды.

*****

2012 11-23 temmuz ayında Türkiye’deki Kazakistan Büyük Elçiliği’nin desteği ile bu sene ikinci kez Kazak diasporasının 18 çocuk temsilcilsi ‘Baldauren’ eğitim ve sağlık tesislerinde yaz tatilini geçirdiler.
Türkiye’den gelen misafirler için sağlık, spor, kültürel aktiviteler düzenlendi. Öğrencilerin Kazak dili ve Kazakistan tarihi, ata yurdun gelenekleri, âdetleri, şimdiki Kazakistan’da yapılan yenilikler hakkında bilgi verilen derslere katılımı sağlandı.  Ayrıca Kazakistan’ın tanınmış büyükleri ve milletvekilleri ile tanışma fırsatını da elde ettiler. Astana şehrini ve ‘Burabay’ milli doğa Parkı’nı da ziyaret eden öğrenciler yarışmalara, festivallere, televizyon programlarına katıldılar ve çeşitli hediyeler kazandılar.
Yapılan faaliyetler Türkiye Kazakistan diplomatik ilişkilerinin 20.yıl kapsamında organize edilmiş olup, Kazak Diasporası Kazakistan Devleti adına teşekkürlerini sundu.

Çeviri: T.Erbek-Ç.Erbek
Kaynak: http://kaz.gazeta.kz/

Yorum Gönder

0 Yorumlar
Yorum Gönder (0)
To Top