Бүгін Стамбұлда тұңғыш рет Қазақстандық студенттер «Домбыра Пати» кешін өткізді

Çağlar Erbek
0
Бүгін Түркия Республикасында білім алып жатқан Қазақстандық студенттердің ұйымдастыруымен Стамбұлда тұңғыш рет Қазақстанда дәстүрге айналған «Домбыра Пати» кеші өтті. Бұл іс шараға «Сана» Студенттер Қауымдастығы өкілдері және Түркияда тұратын қазақ қандастарымызбен бірге Ноғай Түріктерінің өкілдері қатысты.

Алғашқы ұйымдастырылған «Домбыра Пати» кешіне белгілі әнші, Қазақстан мәдениет қайраткері Арсланбек Сұлтанбеков та қатысып, өзінің жоғары бағасын берді. Кеш Стамбұлдың көрікті жерлерінің бірі Зейтінбұрну теңіз жағалауында өтті, саябақта дем алып жүрген жергілікті түрік бауырларымыз да ән-күйлерімізді тыңдап, қызығушылық танытты.

Кешке қатысушылар, Қазақстанда брентке айналып үлгерген «Домбыра Патиды» алдағы уақытта да жиі-жиі ұйымдастыратынын айтты.

Жақсылық БАЙМАХАНОВ

Ялова университеті магистранты





Yorum Gönder

0 Yorumlar
Yorum Gönder (0)
To Top